6 жасар қазақстандық шахматшы Абу-Дабиде қола жүлде иеленді

6 жасар қазақстандық шахматшы Абу-Дабиде қола жүлде иеленді

6 жасар қазақстандық шахматшы Даниал Жағыпар Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен Career Chess Lab-тың І халықаралық жасөспірімдер шахмат турнирінде үшінші орын иеленді.

Халықаралық додаға әлемнің түрлі елдерінен 64 жас шахматшы қатысып, бірнеше жас санаты бойынша бақ сынады. Турнир 7 раундтық жүйе бойынша өтті. Қазақстан намысын қорғаған Даниал Жағыпар жарыс барысында өзінен әлдеқайда жасы үлкен қарсыластарын жеңіп шыққан. Атап айтқанда, ол Венесуэланың 14 жастағы шахматшысын, сондай-ақ БАӘ-нің 12 және 14 жастағы спортшыларын тізе бүктіріп, нәтижесінде турнирдің қола жүлдесін иеленді.

Жас шахматшы тек Үндістаннан келген қарсыластарына есе жіберген. Айта кетейік, Даниал ойнаған қарсыластарының басым бөлігі спорт шебері дәрежесіне ие.

Сонымен қатар, турнирге Ұлыбритания, Қытай, Ресей және басқа да елдердің шахматшылары қатысқан.

Даниал Жағыпар шахмат үйірмесіне 5 жасынан бастап қатысады. Қазіргі таңда қазақстандық шахматшы FIDE халықаралық рейтингіне ену үшін құжаттарын тапсырып, ресми нәтижесін күтуде.

Читайте также

Вам может быть интересно