Сенсация жасаған Кабо-Верде

Сборная Кабо-Верде по футболу. Фото: CHANDAN KHANNA / AFP via Getty Images
Сборная Кабо-Верде по футболу. Фото: CHANDAN KHANNA / AFP via Getty Images

2026 жылғы әлем чемпионатының H тобында турнирдің ең үлкен сенсацияларының бірі тіркелді. Әлемдік футболда фаворит саналмайтын Кабо-Верде ұлттық құрамасы Сауд Арабиясымен 0:0 есебімен тең түсіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Африкалық құрама өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды kaztourism.media.

Ең қызығы, Кабо-Верде топтағы үш матчтың ешқайсысында жеңілген жоқ. Олар Испаниямен 0:0, Уругваймен 2:2 және Сауд Арабиясымен 0:0 есебімен тең ойнап, 3 ұпай жинады.

Халқы небәрі 560 мың ғана болатын мемлекет үшін бұл – тарихи жетістік. Турнир басталар алдында көптеген сарапшылар Кабо-Верденің топтан шығу мүмкіндігін бар болғаны 1 пайыз деп бағалаған еді. Бірақ алаңдағы нәтиже барлық болжамды жоққа шығарды. Матч аяқталған соң футболшылар мен жанкүйерлердің «1%» деп ұрандатуы да осы сенімсіздікке берілген ең әсерлі жауап болды.

Енді Кабо-Вердені бұдан да үлкен сынақ күтіп тұр. 1/16 финалда олар әлем чемпиондарының бірі – Аргентина ұлттық құрамасымен кездеседі. Африкалық сенсация ертегісін жалғастыра ма, әлде Аргентина олардың тарихи жорығын тоқтата ма? Бұл сұрақтың жауабын плей-офф кезеңі береді.

Материалды дайындаған: Әлішер Маратұлы

Читайте также

Вам может быть интересно