BlackRock, Goldman Sachs, Rothschild & Co: Астанада ірі қаржы форумы басталды

AFD-2026
AFD-2026

Астанада 9-10 қыркүйек күндері Astana Finance Days 2026 IX қаржы форумы өтіп жатыр. Шараға 90 елден 8 мың қатысушы жиналды, деп хабарлайды kaztourism.media.

Форумға әлемдегі ең ірі активтерді басқарушы компаниялардың өкілдері қатысуда. Олардың қатарында басқаруындағы активтері $15 трлн-нан асатын BlackRock, сондай-ақ Goldman Sachs, Capital Group, Brookfield, E Fund Management, Rothschild & Co және басқа да жаһандық қаржы ұйымдары бар. Қатысушы компаниялардың жалпы активтері $26 трлн-нан асады.

AFD-2026
AFD-2026

Форумның басты тақырыптары – капитал нарықтары, инвестициялар, цифрлық активтер, жасанды интеллект, қаржы инфрақұрылымы және нақты секторды қаржыландыру.

Негізгі пленарлық сессияға ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров және Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысады. Олар технологиялар, реттеу және капитал қозғалысының жаңа модельдерінің қаржы нарықтарына әсерін талқылайды.

AFD-2026
AFD-2026

Сонымен қатар форумда Қазақстанның тау-кен және геологиялық барлау жобаларына инвестиция тарту, трансшекаралық капитал қозғалысы және қаржы нарықтарын цифрландыру мәселелері қаралады.

Читайте также

Вам может быть интересно